Біз туралы

img-24 «INTELLIGENCE QUOTIENT GROUP» ЖШС еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, электр қауіпсіздігі саласында өз қызметін жүзеге асырады, инженерлік-техникалық жұмысшыларды аттестаттау, құрылыс мамандықтары бойынша  қысқа мерзімді  курстар өткізеді. Біз Атырау қаласының және Қазақстан Республикасының басқа да аймақтарындағы қызмет бағыттары әртүрлі ұйымдармен жұмыс істейміз.

Біздің «INTELLIGENCE QUOTIENT GROUP»  ЖШС жұмысының негізгі қағидаттарының бірі көрсетілетін қызметтердің көлеміне қарамастан жеке және сараланған түрде әрбір клиенттің бабын табу болып табылады. Біздің қызметтерімізді бір рет пайдаланып, көбінесе біздің тұрақты клиенттерімізге айналатын өзіміздің тапсырыс берушілерімізбен арада қалыптасатын өзара достық қарым-қатынастарды бағалаймыз және әрдайым сақтаймыз. 

2015 жылдан бастап компания ұйымдар мен кәсіпорындарға еңбек қызметінің қауіпіздігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін ұйымдастыруға көмектесіп келеді. Бізге аты лемге танымал ірі компаниялар, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында сапалы қыметтер алуды қалайтын кәсіпорындар сенім артады.

Біздің қызметкерлер теориялық және практикалық оқудан өтеді. Практикалық оқу үшін алынған теориялық білімді тәжірибемен бекітуге арналған база бар, ол  жұмысшының сенімді жақсы білім алуына ықпал етеді.
   
Компанияда кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін барлық қажетті ресурстар бар. Компанияның барлық мамандары жыл сайын оқудан өтіп, өздерінің біліктілігін растайды. Оқу орталығының кабинеттері заманауи техникамен және оқу құралдарымен толық жабдықталған.

Біздің міндетіміз – ең озық инновациялар мен кәсіби мамандардың тәжірибесін пайдаланып, Сіздің бизнесіңізді дамытуға көмек көрсету.

«INTELLIGENCE QUOTIENT GROUP» компаниясын таңдай отырып, сіз  ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қызметінің қауіпсіздігі мәселелерін жылдам әрі кәсіби тұрғыдан шеше аласыз.